Тергеу Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан 40 адамды анықтады - ІІМ

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тергеу Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан 40 адамды анықтады, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қазіргі кезде жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар өткізу барысында жаппай тәртіпсіздікті, тонау мен қиратуды ұйымдастырып, оған белсенді қатысқан 40 адам анықталды, оның ішінде 18 адам қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ІІМ ақпаратына сәйкес Шетпе кентіндегі тәртіпсіздіктерге байланысты 10 адам қамалған. Арнайы прокурор басқарып отырған жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерге, тонауларға белсенді қатысқан тұлғаларды заңмен бекітілген жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруда.

«Қалада орын алған тонау фактілері бойынша тергеу таяу уақытта аяқталады деп күтілуде», - делінген ІІМ ақпаратында.