Әншінің өкпесінде су оны өлімге алып келетіндей соншалықты көп болған жоқ, деп жазады БАҚ-тар сот тергеушілері мен әншінің отбасына сілтеме жасай отырып. Хьюстонның туыстары ол дәрілік препараттар мен ішімдіктің араласқан қоспасынан қайтыс болды деген болжамға келіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, әншінің денесі Беверли-Хиллз қонақ үйінде сенбіден жексенбіге қараған түні табылған еді. Уитни Хьюстон 48 жаста болатын.