Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері парамен ұсталған. Олар екі жыл бойы заңсыз сыйақы алып келген. Бір кәсіпкер 2016-2018 жылдар аралығында Қытайдан тауар тасыған. Соның бәрін кедергісіз әкелгені үшін экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің аса маңызды істер бойынша аға офицеріне және Майқапшағай кеден бекетінің бас маманына жалпы сомасы 40 мың АҚШ доллары көлеміндегі параны жүйелі түрде беріп отырды.
"Күдіктілердің кеңселері, тұрғылықты жерлері мен көліктерін тінту кезінде 13 млн теңгеден астам шетел валютасы анықталды. Қазіргі кезде үш адам қамауға алынды. Тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында