Тергеушілер «Протон-М» зымыран-тасығышы датчигін құрастырушыны таба алмай жатыр

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Роскосмос 2 шілде күні «Байқоңыр» ғарыш айлағында апатқа ұшыраған «Протон-М» ауыр зымыран-тасығышы тораптарын,

агрегаттарын және жүйелерін жинауға және құрастыруға қатысы бар тұлғаларды анықтауды жалғастыруда. Бұрыштық жылдамдығы бар датчиктерді блоктармен құрастыру жұмыстарын мәскеулік Хруничев атындағы ГКНПЦ-ның құрамына енетін Ракеталық-ғарыштық зауыттың қызметкерлері атқарған. «Известия» басылымының мәліметінше, бұлар құрастырушы Прохоров, орындаушы Гришин және бақылаушы-шебер Гудкова болып шықты.

Жоғарыда аталған тұлғалардан жауап алуды көздеген тергеушілер Прохоровты таба алмай отыр. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, құрастырушы Мәскеуден кетіп қалған көрінеді және оның қазіргі мекенжайы белгісіз.