Бұдан бұрын шассиінің тежегіш дискісін Тюменьге аттанған ұшақ қалдырған деп хабарланған болатын. Бірақ ол судно бүтін болып шықты.
Эксперттер кеше Сочиден Тюменьге ұшып келген Ту-204 ұшағын тексерді. Бірақ Red Wings авиакомпаниясының борты бүлінбеген, деп хабарлайды РИА Новости.
Шасси бөлігі кеше таңертең Сочи эуежайының ұшу-қону жолағында табылды. Бірақ қай ұшақтан қалғаны белгісіз болып отыр.