Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жуалы ауданында Теріс өзенінде демалып жатқан ер адамға жай түсіп, ол оқиға орнында көз жұмды.
37 жастағы аудан тұрғынының өліміне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, былтыр мамыр айында Қордай ауданында жаңбыр жауып тұрған кезде найзағай түсіп, 42 жастағы малшы көз жұмған еді. Оның денесін Кенен ауылының маңынан тұрғындар тауып алған болатын.
Жамбыл облысының ТЖД 12 және 14 маусым күндері Жамбыл облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын ескертеді. Осыған байланысты су тасқыны қаупі бар.
Автор: Галина Скрипник