Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифингте ҚР Бас әскери прокуратурасы 4-ші басқармасының аға прокуроры Жеңіс Темеков мәлім етті.
Еске сала кетсек, 31 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері аға сержант Ж. Қаженовты, кіші сержант Е.Тұрдығұловты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1 бабы 2 бөлігі «а» тармағымен, «Терісайрық» шекара заставасының бастығы аға лейтенант А.Хамитовты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1 бабы 2 бөлігі «в» тармағымен көрсетілген қылмыс жасағаны бойынша айыптау туралы қылмыстық іс қозғап, оны Өскемен гарнизонының әскери сотына жолданған болатын. «Бұл жерде Қылмыстық кодексінің 380-1 бабы өзіне берілген билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша айыпталады. Бұл қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатады. Ал осы қылмысты жасағаны үшін жазалық санкция 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығын айыру көзделеді», - деді Ж. Темеков.