championat.asia футбол басылымы 4 маусым күні болған матчтағы жанжалдың видеосын жүктеді.
Видеода алаң орталығындағы екі футболшының қақтығысынан кейін ойыншылардың бір-бірін жаппай соққыға жығуы анық көрсетілген. Бірнеше минуттардан кейін «спортшылар» жұдырықтары сермеп, құлағандарын тепкілей бастаған. Сары түсті киімдегілер «Сурхан» ойыншылары, ал ақ киімдегілер - «Андижандықтар».
Матч 2:2 есебімен тең аяқталды, 90 4 минутта екі клуб құрамынан 4 футболшы алынып тасталды.
Өзбекстанның кәсіби футбол лигасы (КФЛ екі клуб ойыншыларының ойнауына тыйым салды.