«Терминатор: Генезис» фильмі 25 маусымда үлкен экранға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Paramount Pictures кинокомпаниясы жарыққа шығарған «Терминатор: Генезис» (Terminator: Genisys) фантастикалық атыс-шабыс фильмінде компьютерлік графика көмегімен жасалған Арнольд Шварценеггердің жас кейіпкері көрсетіледі, ол мұнда киборгқа қарсы шайқасады.

Айта кетейік, Джеймс Кэмеронның алғашқы «Терминатор» фильмі прокатқа 1984 жылы шығып, культтік фантастикалық атыс-шабыс фильміне айналды. Кэмерон түсірген «Терминатор 2: Ғарасат күні» фильмі де көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Франшизаның келесі бөліктерін басқа режиссерлар түсірді. Арнольд Шварценеггер «Терминатордың» алғашқы үш бөлігіне түсті, олар прокатта 1 млрд. доллардан астам пайда әкелді. «Терминатор: Құтқарушы келер» атты төртінші фильмде Шварценеггер рөл сомдаған жоқ, ал фильмнің өзі прокатта табысқа жете алмады.

«Терминатор: Генезис» фильмінің әлемдік премьерасы 25 маусымға жоспарланып отыр, деп жазады ТАСС.