АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі терренкур маңындағы жанжалды учаскені мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде мегаполис басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ол су қоймасының бір бөлігі жекешеде болған еді, бірақ ауданның қоғамдық кеңістігін дамыту аясында әрі тұрғындардың өтініші бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылды. Қазір қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Осы жылдың соңына дейін Терренкур жөндеуден өтеді»,- деді шаһар басшысы.
Еске салайық, осы жылдың сәуір айында алматылықтар Терренкурда жүріп жатқан құрылысқа наразылық білдірген еді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.