Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, теракттан бір бейбіт тұрғын көз жұмды.
«Қауіпсіздік қызметі жедел түрде жұмыс істеді, барлық төрт жанкештінің көзі жойылды. Іздестіру шаралары жүріп жатыр», - деп жазылған Баджва мәлімдемесінде.
Шабуыл жұма күні таңертең болды, деп жазды РИА Новости. Жергілікті БАҚ-тың айтуынша, бірнеше жарылыс пен атыс-шабыс орын алған. Әзірге шабуылды кім ұйымдастырғаны белгісіз.