«Күш жеткіліксіз болды. Шиеленістің бір уақытта бірнеше аймақта сақталуы қосымша күштерді Алматыға тастауға мүмкіндік бермеді.
Басқыншылық әрекеттермен бірге жаппай қирату, тонау, бейбіт тұрғындарды, күзетшілерді, әйелдер мен қарттарды ұрып-соғу, зорлау қимылдарына ұласты», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.
Сондай-ақ, ол Алматыдағы қақтығыстар кезінде террористер жағынан арнайы мергендер әрекет еткенін мәлім етті. Олар бейнебақылау камераларын жойып, құқық қорғау қызметкерлерін нысанаға алған.