«Адамдардың қаза болуына әкеп соқпаған және аса ауыр қылмыс жасаумен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмыс үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзбаған жағдайда, жазаның өтелмеген қалған бөлігін сот жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыруы мүмкін. Бұл ретте адам өмір бойы тағайындалғандарды қоспағанда, қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларынан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін», - делінген құжатта.
Ескеретіні – бұл норма адам шығыны болмаған террористік немесе экстремистік қылмыс жасаған айыпталушы тергеуге және қылмыстық топтарға қатысушыларды әшкерелеуге белсенді қатысқан жағдайда ғана қолданылады.