Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Әлемде және өңірде болып жатқан соңғы оқиғалар, дүниенің әр тарапындағы террорлық әрекеттер, Таяу Шығыста жалғасып жатқан соғыс қимылдары терроризмге қарсы мемлекеттік іс-қимыл шараларын жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр. Осының бәрі қазір бейбітшілік, келісім және достық жағдайында өмір сүріп жатқан қазақстандықтарды да алаңдатады. Біздің міндетіміз - осы игілікті қорғау», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті бүгінде дамыған елдердің өзі терроризммен күрес мәселелерінде қиындықтарға тап болып отырғанын, өйткені мұның нақты шекарасы айқындалған кәдуілгі соғыстан өзгеше екенін атап өтті.