Терроризмді насихаттағаны үшін екі азамат 7 жылға сотталды
АСТАНА.KAZINFORM — Терроризмді насихаттағаны үшін Алматы мен Тараз қаласының қос тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҰҚК мәлім етті.
Бұрын ҰҚК-мен терроризмді насихаттағаны және басқа да қылмыстары үшін қамауға алынған екі ҚР азаматына қатысты сот процестері аяқталды.
– Солардың бірі – Тараз тұрғыны, айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған. Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.
Келесі сотты болған Алматы тұрғыны, бұрын да өзге қылмыстары үшін бірнеше рет заңға тартылғаны белгілі болды. Ол ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттағаны үшін айыпталды.
Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.
Жалпы, 2024 жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.
Бұған дейін хабарланғандай, терроризмді насихаттаған ШҚО тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды.