«2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды. Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде», - делінген баспасөз баянында.
Олардың тұрғылықты жерлерінен деструктивті бағыттағы қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер тәркіленді.