«Шындығын айтқанда, бұл заң жобасында («Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыулар енгізу туралы» Заң жобасы) діндарлар үшін де, барлық азаматтар үшін де ешқандай шектеуді көріп отырған жоқпын. Үкіметтің экстремистік әрекеттерді, терроризмді және басқа да теріс көріністерді шектеумен байланысты мәселелерді реттеу ұсыныстары дер кезінде көтерілген», - деді ол.
Оның айтуынша, қару-жарақ айналымы саласындағы заңнаманы қатаңдату өте дұрыс. Өйткені, мұны бүгінгі өмірдің өзі талап етіп отыр. Жалпы, заңнамаға енгізілген өзгерістер заңға бой ұсынатын азаматтардың өміріне еш кері әсері жоқ.
Сонымен қатар Д.Байдек мемлекет жастарды жұмыспен қамту шараларын қабылдау қажет деп санайтындығын баса айтты. Өйткені, әлеуметтік проблемалар жастардың алаңдаушылығын туындатып, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне түрткі болады.