Het Laatste Nieuws газетінің деректеріне сүйенсек, Калашников автоматы, гранатомет пен бірнеше тапаншалар 5,9 мың долларға Брюссель орталығындағы «Мили» темір жол вокзалының маңынан сатып алынған.
Француз тергеушілері ағайынды Саид пен Шериф Куашилер өткен жұмада Парижде жарамды өнім супермаркетіне жеке шабуылдаған Амеди Кулибалиден екі АК-47 мен гранатомет сатып алған деп санайды.
Еске салсақ, 7 қаңтарда Парижде Charlie Hebdo журналы редакциясына қаруланып, шабуылдаған үш лаңкес 12 адамды өлтіріп, көлікпен бой тасалаған. 10 журнал қызметкері, екі полицей оқиға құрбаны болса, ондаған адам жарақаттанды.