Илон Масктың компаниясы автопилот технологиясы 2019 жылғы Калифорния жүргізушісінің өліміне әкелген апатқа қатысы жоқ екенін дәлелдей алды. Ол кезде компанияның Tesla Model 3 көлігі ағашқа соғылып, өртеніп кеткен. Аман қалған екі жолаушы компанияға қарсы сотқа арыз түсіріп, Tesla-дан жүргізушінің дене жарақаты, моральдық шығын және жүргізуші өлімі үшін өтемақы ретінде 400 миллион доллар талап еткен.
Сотқа арызданушы екі адамның адвокаты автопилот режиміндегі өндірістік ақауға байланысты көлік кенеттен жолдан шығып кеткенін айтты. Компания өз жауабында жүргізушінің рөлге отырмас бұрын алкогольдік ішімдік ішкенін, тіпті апатқа дейін автопилотты іске қосқанына ешқандай дәлел жоқ екенін алға тартты.
Тоғыз адамнан тұратын сот алқасы Tesla жағына шықты.
Bloomberg мәліметінше, компанияны алда автопилот ақаулары 2021 жылдың маусым айынан бергі 17 адам өліміне әкеп соққан жол апаттарына қатысы бар-жоғын анықтауға арналған федералды тергеу күтіп тұр. Алдағы айларда өлімге әкелген апаттарға қатысты бірнеше сот ісі Калифорния мен Флорида соттарына түседі.