Теsla Илон Маск үшін 29 млрд доллар көлемінде жаңа сыйақыны мақұлдады
АСТАНА. KAZINFORM — Tesla директорлар кеңесі Илон Масктің компанияда кемінде екі жыл жұмыс істеуі шартымен оған 30 млрд долларға жуық акциясын ұсынды.
Business Insider жазғандай, директорлар кеңесі мұны «жасанды интеллект саласындағы таланттар үшін үнемі өсіп келе жатқан соғыс» жағдайында Маскті «ұстап қалу және ынталандыру» мақсатымен америкалық миллиардердің «адал жұмысы» үшін жаңа өтемақының жаңа пакеті деп атады.
— Өте дарынды тұлғалар тобының ішінде көшбасшылық тәжірибе, техникалық білім және, мүмкін, ең бастысы, әртүрлі салаларда ең революциялық және табысты бизнес құруда көпжылдық тәжірибесінің тамаша үйлесімі бойынша Илонмен ешкім теңесе алмайды, — делінген компанияның директорлар кеңесінің хатында.
2018 жылы Tesla акционерлері Маск үшін 56 млрд доллар көлеміндегі рекордтық сыйақы пакетін мақұлдады, бірақ өткен жылы Делавэр штатының судьясы Tesla кеңесінің мақұлдау процесі дұрыс емес және акционерлер үшін әділетсіз болды деп бұл шешімді жойды. Миллиардер бұл шешімге наурыз айында шағым түсірген. Сот қарауы әлі жалғасып жатыр.
Егер сот бұрынғы сыйақы пакетін қалпына келтіру туралы шешім қабылдаса, Маск жаңа бонустан бас тартуға мәжбүр болады.
Бұл жаңалық шыққан соң Tesla акциялары 2%-ға қымбаттады.
Илон Маск — Forbes Real-Time Billionaires жаһандық рейтингі бойынша әлемдегі ең дәулетті адам. Оның байлығы 401 млрд долларға бағаланып отыр.
Осыған дейін Samsung пен Tesla 16,5 млрд долларлық чиптерді жеткізу келісімшартына қол қойғанын жазғанбыз.