Бұл туралы компанияның басшысы, белгілі өнертапқыш және кәсіпкер Илон Маск оның таныстырылымында мәлім еткен.
Бұған дейін Tesla электр двигательді автомобиль өндірісінің әлемдік көшбасшысы ретінде танымал болған еді. Енді ол үйлерді және қоғамдық мекемелерді электр энергиясымен жабдықтауды қолға алғалы отыр.
«Біз нарыққа жаңа өнімімізбен - Powerwall үй электр батареяларымен шықпақпыз, - деп мәлім етті Маск. - Енді Құрама Штаттарға мұнай мен газдан бас тартып, жаңа энергетикаға көшуіне туралы келеді. Біз үйлерді күн энергиясы мен жаңа ұрпақ батареяларын біріктіру есебінен элентр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береміз. Ол электр энергиясын сақтауға да мүмкіндік береді».
Powerwall құйма-ионды батареясы күн сәулесімен жұмыс жасайтын генератордан қуат алады. «Біз дәстүрлі көмірмен, мазутпен немесе басқа да жерасты қазбаларынан жасалған отынмен жұмыс істейтін электр стансаларынан толық бас тартуға болатын жүйе жасадық», - деп мәлімдеді Tesla басшысы.
Компания осы жылғы жаздың соңына қарай тұрғын үйлерге арналған 10 кВТ/сағаттық батареяларды 3,5 мың доллардан, 7 кВт/сағаттық батареяны 3 мың доллардан сатуды көздеп отыр.