Бастапқы кезеңде бұл мегафабриканың жылдық өндіріс көлемі электр қуатының жалпы көлемі шамамен 40 ГВт/сағ болатын 10 мың Megapack энергия жинақтауышын құрайды.
Шанхайдағы жаңа Tesla зауытының жалпы ауданы 200 мың шаршы метрге жетеді.
Шанхай пилоттық еркін сауда аймағының Линьган жаңа аймағын басқару комитетінің мәліметінше, бұл жобаға шамамен 1,45 млрд юань (шамамен 202 млн доллар) инвестиция салынған.
Еске сала кетсек, өткен жылы америкалық автомобиль өндірушісі Tesla Inc. Шанхайда жаңа гигафабрика салуға рұқсат алды.