Тестілеу орталығы түлектер оқығысы келетін танымал бағыттарды атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік грантқа өтінім берген түлектер арасындағы ең танымал бағыттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге білім берубағдарламалары арасында түлектердің басым көпшілігі ақпараттық технологияларғаөтінім берген. Әзірге 7 мыңға жуық абитуриент өтінім берді. Одан бөлек, үздікбестікке «жалпы медицина», «Шет тілі оқытушыларын даярлау», «Дене тәрбиесіоқытушылары», «Құрылыс» салалары енді», - деді ҚР Ұлттық тестілеу орталығыдиректорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов орталықта өткен баспасөз турында.

Оның айтуынша, мемлекеттікбілім беру грантына өтінім беру 20 маусымда сағат 18:00-де аяқталады. Соданкейін көшбасшы салалар бойынша нақты нәтиже белгілі болады.

«Әдетте көбірексұранысқа ие болатын құқық, халықаралық құқық, кеден ісі мамандықтары биыл14-орынға түсті.Бұл мамандықтарға биыл мыңнан астам адам ғана құжат тапсырды.Әзірге 58 мыңға жуық адам мемлекеттік грантқа құжат тапсырды», - деді ДидарСмағұлов.

Айта кетейік, бұғандейін Тестілеу орталығы журналистерге ҰБТ сұрақтарының қалай әзірленетінінкөрсеткен еді.


Соңғы жаңалықтар