Жарылғыш заттар мен суық қару қолдану арқылы шабуыл жоспарланғаны анықталғаннан кейін Аустрия турындағы үш концерт тоқтатылды. Аустрияның барлау агенттіктері екі күдіктіні ұстады. Бұған дейін ақпарат құралдары тағы үшеуі іздестіріліп жатқанын хабарлаған, бірақ билік мұны жоққа шығарды.
Билік бас күдіктінің әлеуметтік желілерге салған суретін жариялады. Онда ол суық қару және «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) тобының символикасы бар футболкамен суретке түскен.
Тергеу қорытындысы бойынша, аты-жөні жарияланбаған 19 жастағы аустриялық интернеттегі экстремизмге қызығушылық танытып, террористік топқа адал болуға ант берген.
Шенеуніктердің айтуынша, ол стадион аймағында ауқымды шабуыл жасамақ болған ниетін мойындады және алғашқы жоспарын шілде айында жүзеге асыруға кіріскен.
17 жастағы екінші күдікті стадион маңында ұсталды: бірнеше күн бұрын ол концерттер кезінде қызмет көрсететін компанияға жұмысқа кірген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, стадионда шамамен 65 мың, сыртында тағы 30 мың көрермен болады деп жоспарланған.