- Біз де мәселені тез шешкіміз келеді. Бірақ тез істелген жұмыс сапалы бола бермейді. Бізге ақша бөлу үшін құжаттар қажет. Яғни жобалау-сметалық құжаттаманы, сараптама нәтижесін алу секілді қадамдардан өтеміз. Қолдауыңызға алғыс айтамын. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз, - деді Ерболат Досаев.
Еске салайық, бұған дейін Ерболат Досаев мемлекеттік сатып алу туралы пікір білдіріп, жиі сынатын арзан жабдық қажет емес екенін айтқан еді.
Сондай-ақ Алматы әкімінің айтуынша, 1-сыныпқа баратын балалардың 90%-ы — қазақтілді.