Жылдың үздік оқиғасы аталымына Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жек лайық болды.
Еске сала кетсек, 16 қыркүйектегі сол айқаста күмәнді тең нәтиже тіркелген болатын.
Бұдан тыс, Головкин - Альварес кездесуі «Жылдың үздік раунды» (12-раунд) аталымына да ұсынылған. Алайда бұл ретте жеңіс басқа жекпе-жектің еншісінде кетті.