Танымал инсайдер Майкл Бенсонның ақпараты бойынша, Ахмедовтен бөлек бұл премияның номинанттары тізімінде ағылшындық Даниэль Дюбуа,америкалықтар Джарон Эннис пен Вирджил Ортис-кіші, сонымен қатар өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов бар.
Ахмедов өзінің соңғы жекпе-жегін жетінші желтоқсан күні Монреальда Хосе Антонио Вильялобосқа (12-6-2, 7КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта аргентиналық боксшыны жағынан ұрып, нокаутқа түсірді.