28 жастағы Альварес кәсіби рингте 53 айқас өткізіп, оның елуінде жеңіске жеткен (34-і - нокаутпен) және екі рет тең нәтиже көрсетіп, бір рет жеңілген. Қыркүйектегі соңғы жекпе-жегінде төрешілердің көпшілігінің шешімімен қазақстандық Геннадий Головкиннен басым түскен еді.
Сәрсенбі күні Альварес DAZN стримингтік қызмет көрсету компаниясымен спорт әлемі үшін рекордтық сомаға - $365 млн келісім жасады. Боксшы мен компания арасындағы келісім 2023 жылға дейін 11 айқасқа есептелген.