Танымал журналдың мұқаба бетінде WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) фотосы жарияланған.
«Осы айдағы журналдың мұқабасында P4P-рейтингісінің көшін бастап тұрған Геннадий Головкин», - деп жазды The Ring Твиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, Головкин рингке 2018 жылдың 5 мамырында оралып, мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегін өткізеді деп күтілуде. Егер тараптар мамыр айына келісе алмаса, Геннадий наурыз немесе сәуір айында басқа қарсыласымен кездеспекші.