The Washington Post бас директоры қызметінен кетті

Фото: Report

АСТАНА. KAZINFORM — The Washington Post басылымының баспагері және бас директоры Уилл Льюис газеттегі қызметкерлердің жаппай қысқартуынан кейін қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

— The Washington Post басылымындағы екі жыл жұмыстан кейін, кетуім үшін дұрыс уақыт келді… Менің жұмыс істеген уақытымда Тhe Post-тың тұрақты болашағын қамтамасыз ету және миллиондаған оқырман үшін күнделікті жоғары сапалы, бейтарап жаңалықтарды жариялауда қиын шешімдер қабылданды, — деп жазды Льюис қызметкерлерге жазған хатында.

Енді The Washington Post баспагері мен бас директорының міндетін газеттің қаржы директоры Джефф Д ' Онофрио атқарады.

Айта кетейік, Уилл Льюис газеттің баспагері және бас директоры қызметіне 2023 жылы келді. Оған дейін бұл қызметті 10 жылға жуық Фред Райан атқарды.

Еске салайық, бұған дейін беделді The Washington Post басылымы Маңғыстау облысының ландшафттарына назар аударған еді.