OpenAI чат-боты бұл көрсеткішке екі айдан кейін жетті, ал сәрсенбіде ғана іске қосылған Meta-ның Threads қолданбасы оған бірнеше күн ішінде жетті.
Пайдаланушылар санын Threads пайдаланушылары базасының өлшемін бақылайтын Instagram қолданбасынан білуге болады.
Threads қолданбасы бірден хитке айналды. Алғашқы екі сағатта қолданушылар саны 2 миллионға жетіп, кейін біртіндеп 5 миллион, 10 миллион, 30 миллион, одан кейін 70 миллионға дейін өсті.
Meta бас директоры Марк Цукерберг жұма күні «нәтижесі біз күткеннен әлдеқайда асып түсті» деді.
Пайдаланушылар тіркеліп қана қоймай, жазба да қалдырып жатыр.
Бейсенбідегі көрсеткіш бойынша қолданбада 95 миллионнан астам пост жазылып, 190 миллион лайк басылған.
Instagram басшысы Адам Моссеридің айтуынша, Meta Twitter қолданбасын алмастыруға талпынбайды.
Айта кетейік, Threads іске қосылғаннан кейін қолданушылардың наразылығын тудырып үлгерді, деп хабарлады Daily Mail.
Олар жаңа әлеуметтік желіні Instagram желісінсіз құр өзін өшіру мүмкін еместігіне таң қалды, өйткені екі қолданба бір-біріне байланған.
Бұған дейін Twitter-ге бәсекелес болатын жаңа әлеуметтік желіге бір тәулікте 30 млн адам тіркеліп үлгергенін жазған болатынбыз.