Тибет ҚазАқпарат назарында: Лхаса - пұттар мекені

ЛХАСА. ҚазАқпарат - Былтыр ҚХР Тибет автономиялық ауданының құрылғанына 50 жыл толды. Қытай билігінің мәліметтеріне сенсек осы уақыт ішінде, өңірдің ЖІӨ 282 есеге артып, 102 млрд юаньға (15,4 млрд доллар -ред) жеткен, оның 20 пайызы туризмнен түседі.

Тибеттегі туристердің дені ҚХР азаматтары, ал қалған 5%-ға жуығы шетелдіктер. Туризмді ілгерілету жөніндегі биліктің жоспарына қарамастан өңір әлі де ашылмаған, жұмбақ күйінде қалып келеді. Шетелдіктер Тибетке тек топтық виза арқылы және ТАА туризм басқармасының арнайы рұқсатымен ғана келеді.
 

ҚазАқпарат оқырмандарға Қытайдағы меншікті тілшісі фоторепортажының бірінші бөлігін ұсынады.
 

Бұрын Бейжіңнен Тибетке сапар жарты жылға созылса, қазір жаңа теміржолмен («Цинхай-Тибет») және әуе қатынасымен («Бейжің -Чэнду-Лхаса») бұл уақыт тәулікке немесе 5 сағатқа қысқарған.
 

Тибет таулы аймағы - әлемдегі ең биік әрі ең ірі алап (2,2 млн. кв. км). Оның көп бөлігі теңіз деңгейінен 3-4 мың метр биік. Сондықтан оны «Әлемнің шатыры» деп атайды.
 
Таулардың ұшын қар және мұздықтар басып жатыр. Сондықтан Тибетті Қарлы таулар елі деп те атайды. Осында Тибет пен Непал шекарасында әлемнің ең биік нүктесі - Джомолунгма (Эверест) жатыр, оның биіктігі - 8848 м.

  

Тибеттен Инд, Брахмапутра, Меконг, Сатледж, Салуин, Янцзы, Хуанхэ сияқты Азияның бірқатар белгілі өзендері бастау алады.

Тибет автономиялық ауданы орталығының әкімшілігі - Лхаса қаласының Гонггар әуежайы - теңіз дейгейінен 3700 м биікте жатыр. Ол әлемнің ең биік жеріндегі әуежайларының қатарында. Ұшу жолағы 4 мың метр. Мұнда қысым Астана мен Бейжіңге қарағанда екі есе төмен, оттегі де аз.
 

Тибетте қонақты дәстүрлі жібек мата - «хадактармен» қарсы алады, ол қонақжайлылықты, адал ниетті білдіреді. Әуежайда және қонақүйлерде оттегі баллоны, тау ауруына қарсы дәрілер сатылады. Лхасе.


Лхаса тибет тілінен «құдайлар мекені (орны)» деп аударылады. Қала әуежайдан 62 км жерде орналасқан. Жолдар әдемі - жаңа, көптеген  туннельдері мен тораптары бар.
 

Тибетте 3 млн-нан астам  адам тұрады, олардың 92%-ы тибеттіктер, 8% - ханьдықтар. Лхаса қаласының тұрғындар саны шамамен 250 мың адамды құрайды, ал Лхаса қалалық округінің тұрғындар саны  520 мыңнан асады.
 

Лхаса кез келген қытайлық қалаға ұқсайды: көшелер де, дүкендер де, көліктер мен мотоциклдер де сол. Бірден көзге түсетіні таулар. Лхаса үшін дос қала  Калмыкия Республикасының Элиста қаласы (РФ).
 

2006 жылдан бастап, Тибетте 408,3 мың  тұрғын үй салынды, бұл өңірдің 88,7% фермері және бақташының сұраныстарын қамтамасыз етеді.  
1951 жылға дейін Тибетте білім беру мекемелері болмаған, ал тұрғындар арасындағы сауатсыздық деңгейі 95%-ды құрады. Бүгінде ТАӨ-да  60-тан астам балабақша,  1500 жуық мектеп, жеті техникум мен алты ЖОО бар.  Жастардың барлығы міндетті түрде 9 жылдық білім алады, барлық оқушылар тегін оқулықтармен, дәптерлермен қамтамасыз етілген. Шаруалар мен мал өсірушілердің балалары тегін тұратын орынмен және тегін тамақтанумен қамтамасыз етіледі.  Кедей жанұялардан шыққан техникум студенттеріне жылына 1500 юань (227 доллар) шәкіртақы беріледі, қарапайым шәкіртақы  900 юаньды (136 доллар) құрайды.
   

Тибет университетінің зертханаларында Windows және Linux операциялық жүйелерінің нұсқалары, сонымен қатар тибет тілін меңгеру бағдарламасы  құрастырылды.
   

Танка (тханка) - бұл діни суреттер, VII - XII ғасырларда қалыптасқан тибет дәстүрі. Буддалық тханка негізі үндістандық діни өнерден шыққан, алайда оған непалдық, қытайлық және  кашмир стилі де оның дамуына әсер етті.

Танка - бұл арнайы кенептегі зерлі жібек матаға тоқылған көркем сурет.
 

Мемлекет «танка» тибет кескіндемесі мектептерін дамытуды қолдайды. Мұнда тегін білім береді. Оқушылар өз суреттерін сатуға құқылы.  

Тибет тұрғындарының басым бөлігі дәстүрлі егін және мал  шаруашылығымен айналысады.

   
Тибеттің алғашқы және жалғыз футбол-баскетбол клубы. 2015 жылы тамызда құрылды. Гиннесстің рекордтар кітабына әлемдегі ең жоғары таулы ретінде енді. Футбол командасының 90% тибеттіктерден, баскетбол құрамасы 60% ханьдықтардан тұрады.

 
Джоканг монастырі («Дом Господа») - Тибеттің ең қасиетті орны. Мұнда жыл сайынғы дұға оқудың ұлы фестивалі, сонымен қатар Далай-лама мен Панчен-ламаны ұлықтау (дәрежеге көтеру) шаралары өтеді.  2000 жылы Джоканг монастырі ЮНЕСКО дүниежүзілік құндылықтар тізісміне енді.
 

Джоканг шатырындағы алтын маралдар мен дхарма доңғалақтары.

Джокангты  639 жылы Тибет патшасы Сонгцен Гампо сала бастады. Бұл жерді фэншуй көмегімен зерттеген қытайлық ханшайым Вэньчэннің кеңесі бойынша шағын көл кептіріліп, оның орнына ғибадатхана тұрғызылды.
    

Аңызға сәйкес, көлге құм себуге орманнан кермаралдар шығып көмектескен. Осыған байланысты дхарма доңғалағын ұстаған екі кермаралдың суреті буддизмнің басты символдарының біріне айналды. Дхарма доңғалағы - Будда Шакьямуни ілімінің символы, оның сегіз сымы Будданың «сегіздік жолын»  білдіреді.
     

Монастырь Тибетке буддизмді әкеліп, тибет тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Оның айналасында Ра-Са қаласы пайда болды, уақыт өте ол Лхаса - «құдайлар мекені (орны)» ретінде белгілі болды.