Бас сүйек пен екі азу тіс тамыз айында табылған. Кейіннен Қытай Ғылым академиясы институтының мамандары олжаны зерттей келе, қалдықтардың бұдан 1,3–2 миллион жыл бұрын тіршілік еткен оңтүстік мамонтқа тиесілі екенін анықтады.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық Еуропа мен Азия аумағынан бұрын табылған оңтүстік мамонт қалдықтарына салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жақында Алматыда сақ дәуіріне жататын аю бейнесіндегі әшекей табылған болатын.