Табылған бас сүйектің ерекшелігі - оның «жасында», оған 4,4 млн жыл болған.
Нью-Йорктегі американдық жаратылыстану мұражайының зерттеу жетекшісі Джек Цзэннің сөзіне қарағанда, көлемі үлкен грейпфруттай болатын бас сүйек жолбарыс, арыстан, теңбілшер сияқты қазіргі «үлкен мысықтардың» арғы тегіне жатпаса да, қар барысымен тығыз байланысты. Сол себепті жақсы сақталған сүйек ғалымдарға бұл жануар туралы көбірек білуге көмектеседі.