Ларунг Гар институтындағы өрт кеше кешкісін басталған. Қызыл жалын қазірдің өзінде кемінде 10 үйді жалмаған. Өрттен қаза тапқандар жайында еш ақпарат жоқ.
Институт 1980 жылы Сычуань өлкесінде елсіз жерде салынған болатын. Сол уақыттан бері ол тибет буддизмінің маңызды орталықтарының біріне айналды, деп хабарлайды Франс Пресс.
Аталған агенттік ақпараттарына қарағанда, Ларунг Гарда шамамен 10 мың монах пен оқушылар тұрады.