Тибетте көшпелілер мәдениетін әйгілейтін ерекше шайхана ашылды

Фото: Фото: «Халық газеті»

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Тибет автономиялық өлкесінің Наку қаласында көшпелілер мәдениетін әйгілейтін «Шопан қазынасы» атты ерекше шайхана ашылды, деп хабарлайды қытайлық «Халық газеті». 

1 200 шаршы метрлік ерекше стильдегі шайхананы халықтық салт-дәстүрмен шебер байланыстырған. Бұл жерге келген қонақтар шай ішіп, әртүрлі дәмді астармен тамақтанып, тибет көшпелі мәдениетінің ерекшелігін сезіне алады. 

Фото: «Халық газеті»

Шайхананың айналасы мен дәліздеріне жергілікті халықтың ұлттық мұрағаттарының 700-ден астам түрінен 3 000-нан астам бұйым қойылған.

Фото: «Халық газеті»

Оның ішінде жас төлдерге сүт беретін мүйізден жасалған бөтелкелер, сіріңке қорабының көлеміндей сары май салатын қалыптар, құмнан, шаңнан және көз қарықтыратын қардан қорғайтын қодас жүнінен жасалған көзілдірік және т.б.  бар.

Фото: «Халық газеті»
Фото: «Халық газеті»

Малшылар қолданатын ыдыс-аяқтардың барлық түрін де осы жерден кездестіруге болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Тибетте шырқалған «Фарида» әні 10 млн қаралым жинағанын жазған едік.