12:19, 21 Сәуір 2009
Тибетте құс тұмауы вирусы тіркелді
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Тибет автономиялық өңірінде құс тұмауы вирусының ошағы тіркелгенін растады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үй құстарының H5N1 тұмауы вирусына шалдығуы туралы күдік сәуірдің 12-сінде Тибеттің әкімшілік орталығы ? Лхаса қаласының базарында пайда болған, содан кейін Қытайдың Құс тұмауын анықтау жөніндегі мемлекеттік зертханасы алынған сынамаларда H5N1 вирусының бар екенін растаған. Қалалық базар дереу жабылып, сол кезде болған барлық 1 680 үй құсының көзі жойылып, базардағы ғимараттардың барлығы зарарсыздандырылды. Адамдардың құс тұмауына шалдығу оқиғалары әзірге тіркелмеген.