Федерацияның хабарлауынша, баскетболдан Қазақстан құрамасын Катар және Иран құрамаларына қарсы өз алаңындағы матчтарға Қазақстанда «Атырау барыстары» клубындағы жұмысымен танымал армян маманы Тигран Гекчян дайындайды.
Гекчянның штатына сондай-ақ ресейлік Евгений Овсянников пен екі қазақстандық бапкер – Александр Лысяк пен Тимур Сұлтанов кірді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елордалық «Астана» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан жиырманшы ойында жеңіліп қалды.