Тиімді еңбек нарығы Қазақстан экономикасы дамуының негізі болып табылады - Сиязбек Мұқашев

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Тиімді еңбек нарығы мен кадрларды кәсіби түрде дайындау - Қазақстан экономикасы дамуының негізі болып табылады,

деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы кеңесінің төрағасы Сиязбек Мұқашев.

 «Өткен жылы біз Жұмыспен қамту бағдарламасын ілкі жоба ретінде іске қосып, бұл мәселені халықты жұмыспен қамтудың жалпыұлттық саясатына айналдыру керек екеніне көзіміз жетті», - деді С.Мұқашев.

Сонымен қатар, ол Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кеден одағы, ДСҰ-ға қосылу аясында сапалы кадрлар даярлау керек екенін атап өтті.

«Сондықтан осы мәселе бойынша нақты тапсырмалар айтылған Елбасы Жолдауы мен Үкімет бағдарламасында мемлекеттік органдардың ғана емес, жұмыс берушілер, кәсіподақтар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың күш-жігерін біріктіру керек», - деді ол.