Тиін қаршығамен айқаста өз шеберлігін көрсетті (ВИДЕО)
07:57, 08 Шілде 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде үлкен қаршығаның тырнағынан сытылып шыққан кішкентай -тиіннің видеосы танымал болды, деп хабарлады The Telegraph.
Роликте жыртқыш құс ағаштың ұшар басына қонып, тиінді ұстаудың амалын таппай, бұтақтармен төмен қарай сырғиды.