Тікелей эфир қала аумағындағы кафелердің бірінде түсірілген.
- Құқық бұзушылар Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғындары Алтын Сапи және Айзада Сайлаубай болып шықты. Әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әрқайсысына айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлерде қоғамдық тәртіпті бұзу жауапкершіліктен босатпайтынын еске салады.
Ал кеше Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.