«Кеше оқу-жаттығу барысында ҚР ҚК тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан бортта болған 13 әскери қызметші көз жұмды. Қазақстан Қарулы Күштерінің барша жеке құрамы қаза болған қызметтестерінің туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бұл Қазақстан армиясы үшін орны толмас қайғы. Олар ақтық демдері қалғанша өздерінің әскери борыштарын адал орындады. Қызметтестері туралы жарқын естелік батырлық, жанқиярлық пен патриотизмнің үлгісі ретінде әскери қызметшілердің жадында мәңгі есте қалады», - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі - 13 адам қаза тапты.