Жетісулықтар 3-ші санаттағы сержант, екі баланың әкесі Қайрат Нұрсапанов пен аға сержант, 4 баланың әкесі Мұрат Шариповты Алакөл ауданында соңғы сапарға шығарып салды. Ефрейтор, екі баласы мен жары артында қалған Қуаныш Сарқытбаевты Сарыөзек ауылында жер қойнына тапсырды.
Ал Талдықорған қаласында әскерилер мен туыстары кіші сержант Асхат Абдулманатпен қоштасты. Орталық алаңда қаралы митинг өтіп, қорғаныс министрлігінің өкілдері мен қала басшылығы қайғыға ортақтасып, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Асхат Абдулманаттың артында анасы, жары және 4 баласы қалды.
Бұл сарбаздардың барлығы осыған дейін Талдықорғандағы 21/751 әскери бөлімінде қызмет еткен. Қаңтар айынан бастап олардың жұмысы Ақтауға ауыстырылған.