Тікұшақ апаты: Жалғызынан айырылған ата-анаға баспана берілгенімен, құжаттары әлі жоқ

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2016 жылдың 27 қаңтарында тікұшақ апатынан қаза тапқан Гүлнұр Хамитованың ата-анасына баспана берілген. Алайда марқұм болған қыздың ата-анасы 3,5 жылдан бері үйдің құжаттарын ала-алмай отырғандарын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейінТалдықорған қалалық ТҮКШ бөлімі, қалалық әкімдік, облыстық денсаулық сақтаубасқармасына бірнеше рет бардым. Барлығы аты-жөнімді жазып қалады, «мінеқатырамыз», дейді. Міне осындай құрғақ уәде естігеміне 3,5 жыл болды. Қызымныңқазасынан кейін үйді берді, бірақ құжат жоқ. Шынымды айтсам, ертең даладақаламыз ба деп қорқамыз», - деді көзіне жас алған Гүлнұр Хамитованың анасы ИндираБекдуллина.

22 жасында қызметбарысында қаза тапқан Гүлнұр Хамитова отбасының жалғыз баласы болған.

Естеріңізге салакетейік, Гүлнұр Хамитова санавиацияның фельдшері қызметін атқарған. Ол 2016жылдың 27 қаңтарында тікұшақ апатынан қызмет барысында қаза тапты. Сол сәттесанавиация Үшаралдан Талдықорғанға ақ қан ауруына шалдыққан кішкентай сәбидіжеткізбек болып, Талдықорғанға 30 шақырым қалған сәтте апатқа ұшыраған болатын.Тікұшақта болған 5 адам да мерт болды. Олардың денесі 15 сағаттық іздеуден соңғана таулы аймақтан табылған болатын.

Ал Талдықорғанқалалық ТҮКШ бөлімі 3,5 жылдан бері Гүлнұр Хамитованың ата-анасына берілгенүйдің құжаттарын бір аптада жасап береміз деп уәде берді.

«Талдықорғанқаласының тұрғыны Гүлнұр Хамитоваға кезінде 2016 жылы 9 ықшам ауданнан бірбөлмелі пәтер берілген болатын. Ол кісінің құжаттарын бізге келіп өткізсін. Бізоны арнайы комиссияға кіргізіп, құжатын бір аптаның ішінде реттеп береміз», -деді Талдықорған қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Оразов.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы тікұшақ апатында қаза тапқан гемотолог-дәрігер Бақытгүл Қайсанованың қызына берілген үйдің бірде-бір құжаттары жоқ екенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар