Апатта экипаж командирі Роман Костыгов, экипаж командирінің көмекшісі, лейтенант А.Б.Айтбаев және борт технигі, майор Тимур Әділқанұлы Құдайбердиев қаза тапқан.
Бортта болған майор Д.А.Қоңырбай, капитан С.М. Масалим, аға сержант М.Р. Шәріпов; кіші сержант А.Т. Абдулманов, аға лейтенант Г.К. Рахымбаев, евфрейторлар - Б. Байбақов, М.А. Жұматов, А.Т. Әбділдинов, К. Сарқытбаевтар да көз жұмды.
Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақта болған экипаж мүшелерінің отбасына көңіл айтты.