АСТАНА. ҚазАқпарат - Краснодар аймағында тікұшақ құлаған жерде үш адамның денесі табылды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Атап айтқанда, кеше кешқұрым Robinson R66 тікұшағы апатқа ұшырап, құлаған жерінде отқа оранған көрінеді.
Алдын ала мәліметтер бойынша бұл апатқа техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Осы қайғылы оқиға салдарынан 1962 жылғы ұшқыш пен 1969 және 1991 жылдары туған екі жолаушы ажал құшты. Қазіргі кезде апат орнында мамандар тиісті тексеру шараларын жүргізуде.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.