Полиция мәлім еткендей, Бейжіңнің осындай атаулы уезінде Миюнь су қоймасындағы Байхэ өзені дамбасының аумағына жеткенде тікұшақпен байланыс үзілген. Таңертеңгі сағат 9:41-де тікұшақ суға құлады. Полиция, өрт сөндірушілер, су шаруашылығы қызметі және басқа да ведомстволар дереу құтқару операциясын жүргізді, түске қарай құтқарушылар судан екі адамды алып шықты. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.
16:31, 06 Маусым 2015
Тікұшақ Бейжің маңындағы Миюнь су қоймасына құлады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін түс ауа жеңіл тікұшақ Бейжің маңындағы Миюнь су қоймасына құлады. Бортта екі адам болған, екеуі де құтқарылғаны хабарланды.