Тікұшақ теңізге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның солтүстік шығысында тіқұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Құтқарушылар экипаж мүшелері мен жолаушыларды іздестіруде. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тікұшақ Фламборо кенті аумағында жартасқа соғылып, теңізге құлаған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүруде.