Тікұшақ жолдың үстіне құлады

АСТАНА.  Шілденің 24-і.  ҚазАқпарат - АҚШ-та  тікұшақ  апатының салдарынан   оның  бортында болған 4 адам    қаза  тапты.  Оқиға     кеше кешке  Мэриленд штатында,

Смитсбург   қаласына жақын жерде  болған,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Жергілікті   биліктің хабарлауынша,   Robison R44 азаматтық  тікұшағы       жолдың  үстіне  құлап, өртеніп кеткен.    Борттағы адамдардан   басқа ешкім зардап шекпеген.   Оқиғаның себебі  әзірге беймәлім.