Шараны ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті және Қазақстанның Орыс қауымы Ресей ынтымақтастық өкілдігінің қолдауымен, «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі мен Қазақстанның Орыс қауымы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы» меморандумға сәйкес ұйымдастырмақ.
Байқау қазақ тілінде оқитын жастардың басқа тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыруды, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыруды, олардың бойында толеранттылықты тәрбиелеуді негізге ала отырып ұйымдастырылады.
Шараның негізгі ерекшелігі - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруда Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мен Қазақстанның Орыс қауымы арасындағы табысты ынтымақтастықтың нығаюы.
Байқауға қатысушылардың негізгі құрамы - облыстық және қалалық (Астана және Алматы қ.қ.) іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған - 14-22 жастағы жоғары оқу орындарының студенттері, мектептер мен коллеждердің оқушылары.
Республикалық тур аясындағы осы байқау: «Жеті жұрттың тілін, жеті түрлі білім біл» атты ауызша таныстырылым, «Тіл - бабалар мұрасының бастауы» орыс сөз өнерін білуге арналған тест, орыс әдебиеті классиктерінің шығармалары үзінділерінің мазмұнын заманауи театрландырылған интерпретацияда баяндау, «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырма номинациялары бойынша өткізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.